Ақмола облысында хабар-ошарсыз кеткен ер адам ұрлық жасады
Ақмола облысында хабар-ошарсыз кеткен ер адам ұрлық жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 17 қазанында Көкшетау қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне 59 жастағы жергілікті тұрғын жүгінді. Ол Әуезов көшесіндегі аулалардың бірінде белгісіз біреулер шойын люкті ұрлап әкеткенін айтты. Шығын сомасы 20 мың теңгені құрады.
Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары ұрлық фактісін тіркеді. Олардың көмегімен патрульдік полиция батальоны экипажының қызметкерлері екі қаскүнемді жедел іздестіріп, ұстады.
Күдіктілердің бірі – Целиноград ауданының 19 жастағы тұрғыны. Осы жылдың 16 қазанынан бастап жігіттің із-түзсіз жоғалғаны анықталды.
Қазіргі уақытта ұрлық фактісі бойынша ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі іс басталды. Күдіктілердің осыған ұқсас қылмыс жасауға қатыстылығы тексерілуде.