Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында із-түссіз жоғалып кеткен ер адам орман алқабынан табылды

Ақмола облысында із-түссіз жоғалып кеткен ер адам орман алқабынан табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола полицейлері 29 сәуірде Көкшетау қаласының аумағында хабар-ошарсыз жоғалып кеткен ер адамның орналасқан жерін анықтады. 6 мамырда онымен бірге тұрған туыстары полицияға өтініш жазды. Алдын ала мәлімет бойынша ер адам күнделікті жұмысқа орналасқан, ал келесі ауысымнан кейін жұмыстан оралмаған.

Бастапқыда туыстары өздері іздеу жұмыстарын жүргізген. Бұл факт полиция бөлімінде тіркеліп, дереу жедел-іздестіру шаралары қабылданды.

Көкшетау қаласы ПБ іздестіру бөлімінің қызметкерлері жақын маңдағы аумақтарды аралап, ықтимал куәгерлерден, таныстарынан сұрастырды. Жоғалған адамның баруы мүмкін орындарды тексерді, сондай-ақ басқа да қажетті іс-шараларды жүргізді.

7 мамырда жаяу іздестіру жұмыстары барысында полицейлер Көкшетау қаласының Бірлік шағын ауданына жақын орман алқабынан жоғалып кеткен адамның орналасқан жерін анықтады. Ер адам бұл әрекетінің себебін түсіндіре алмады. Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру