Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында іздеуде жүрген азаматтар анықталды

Ақмола облысында іздеуде жүрген, соның ішінде ауыр қылмыс жасаған азаматтар анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

15–16 қазан аралығында Ақмола облысының аумағында "Іздестіру" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Оның мақсаты — халықаралық және мемлекетаралық іздеуде жүрген адамдардың орналасқан жерін анықтау, сондай-ақ хабар-ошарсыз кеткен азаматтарды табу болды.

Іс-шара барысында Ақмола облысының полицейлері барлығы 18 адамды анықтады. Олардың үшеуі хабар-ошарсыз кеткендер қатарынан болса, қалғандары — түрлі қылмыстық істердің қатысушылары.

Анықталғандардың арасында кісі өлтіру, қарақшылық, есірткінің заңсыз айналымы және ұрлық сияқты ауыр қылмыстарға күдіктілер бар.

Кейбір азаматтарды көрші мемлекеттердің құқық қорғау органдары іздеген және олардың деректері Интерполдың халықаралық базасында тіркелген.

Барлық анықталған тұлғалар тиісті аумақтық полиция бөлімдеріне жеткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру