Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында күрделі жөндеуден өткен полиция бөлімі салтанатты түрде ашылды

17 қаңтарда Атбасар аудандық полиция бөлімінің жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін оның салтанатты ашылуы өтті. Салтанатты рәсімге облыстық полиция департаментінің бірінші басшысы Нұрсұлтан Мукашев, аудан әкімі Аманбек Қалжанов, аудандық полиция бөлімінің бастығы Рустам Маташев және жеке құрам қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атбасар полицейлері үшін бұл іс-шара өте маңызды. Ғимаратты күрделі жөндеуден өткізу туралы шешім өткен жылдың көктемінде қабылданды. Бұған дейін полиция қызметкерлері 1968 жылы салынған ғимаратта жұмыс істеуге мәжбүр болды. Ондаған жыл бойы ғимаратта жөндеу жүргізілмеді, соның салдарынан жылу жүйесі іс жүзінде жұмыс істемеді, кабинеттерде ыңғайлы жұмыс істеу үшін қандай да бір жағдайлар болмады.

Күрделі жөндеу барлық коммуникациялық жүйелерді жаңартудан басталды, кабинеттер ретке келтірілді, ведомстволық мұражай үшін үлкен кең бөлме бөлінді. Ғимараттың сыртқы келбеті өзгертілді, келушілер мен жеке құрам үшін қажетті жағдайлар жасалды, бейнебақылау жүйесі жақсартылды.

Атбасар ауданының полиция бөлімі департаменттің ірі аумақтық бөлімшелерінің бірі екенін атап өткен жөн. Бөлімде Атбасар қаласы мен 13 ауылдық округ аумағына қызмет көрсететін 120-дан астам полиция қызметкері қызмет атқарады. Салтанатты ашылу рәсімінде Нұрсұлтан Мукашев жаңа жағдай полицейлерге өз жұмысының сапасы мен жеделдігін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Полиция бөлімінің жаңа ғимаратында тергеу бөлімшесі, жергілікті полиция қызметі, әкімшілік полиция, кадр және тәрбие жұмысы, сондай-ақ патрульдік полиция взводы орналасқан.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру