Ақмола облысында мектеп автобусы жол апатына ұшырады
Оқиға бүгін таңғы сағат 07:30-дар шамасында Целиноград ауданы, Қараөткел ауылында орын алған, – деп хабарлайды Polisia.kz
Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны болып табылатын «Setra» автобусын басқарған жүргізуші, бала толы жолаушылармен ауыл іргесіндегі көшелердің бірінде тұрған контейнерді соққан.
Кенеттен орын алған жол апаты салдарынан Нұр-Сұлтандағы №2 қалалық ауруханаға №69 мектептің 5 бірдей оқушысы түрлі жарақаттармен келіп түскен.
Бір қуантарлығы, адам шығыны жоқ. Балаларға тиісінше медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйге жіберілді.
62 жастағы автобус жүргізушісі ӘҚК-нің 610 бабы (көлік құралдарының жүргізушілері тарапынан бұзушылық және адам денсаулығына зиян келтіретін немесе қозғалыс ережелері көлік құралының зақымдануы) бойынша жауапқа тартылды.