Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында мемлекеттік органдар арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Ақмола облысында мемлекеттік органдар арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2023 жылғы 10 қарашада Ақмола облысы полиция және прокуратура департаментінің бастамасымен Ақмола облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы К. Оспанова, З. Конкаеваның, Әділет департаментінің атқарушылық іс жүргізуді қамтамасыз ету бөлімі басшысының міндетін атқарушы және өңірлік жеке сот орындаушылар палатасы басшысының орынбасары О. Жабагиннің қатысуымен сот-тергеу мәселесі практикасы бойынша сот актілерін орындамағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы ведомствоаралық кеңес өткізілді.

Кеңеске облыстың аумақтық бөлімшелерінің тергеушілері мен анықтаушылары да қатысты.
Бұл тақырып өзектілігін жоғалтпайды, өйткені ол азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қозғайды.

Мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылдың проблемалық мәселелері талқыланды, оларды шешу жолдары әзірленді.

Кеңес қорытындысы бойынша меморандумға қол қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру