Ақмола облысында мотоцикл жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті
Ақмола облысында мотоцикл жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
20 тамыз күні Шортанды ауданының полиция бөліміне Жолымбет ауылында мотоциклдің қатысуымен ЖКО болғандығы туралы ақпарат келіп түскен. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері Dayun Super мотоциклінің 37 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, 43 жастағы жергілікті тұрғынды соғып кеткен.
Жол апаты салдарынан ауыр жарақат алған жаяу жүргінші мен мотоцикл жүргізушісі ауруханаға жеткізілген. Анықталғандай, мотоцикл жүргізушісі комада жатыр.
Полиция бөлімімен бұл факті ҚР ҚК-нің 345-бабының 2-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркеліп, сараптаға тағайындалды.