Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында мотоцикл жүргізушісі жол апатына ұшырады: сотқа дейінгі тергеу басталды

Ақмола облысында мотоцикл жүргізушісі жол апатынан қаза болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы жылдың 21 маусымында жергілікті маңызы бар Лозовое – Первомайка автожолында Эндуро мотоциклін басқарған Астана қаласының кәмелетке толмаған тұрғыны Ақмола облысы тұрғынының басқаруындағы Mazda Premacy автокөлігімен соқтығысуға жол берді. Оқиға орнында болған апат салдарынан мотоциклші алған жарақаттарынан қайтыс болды.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полицейлер жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайларын анықтайды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру