Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында полицейлер браконьерлерден елік ұшасын тәркіледі

Ақмола облысында полицейлер браконьерлерден төрт елік ұшасын тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Степногорск полиция басқармасының қызметкерлері "Браконьер" жедел алдын алу іс-шарасы аясында заңсыз аң аулау фактісінің жолын кесіп, жабайы жануарлардың өлекселері бар автокөлікті ұстады.

Степногорск – Заводская автожолын патрульдеу кезінде табиғатты қорғау полициясы тобының инспекторлары Mitsubishi автокөлігін тоқтатты. Көлік салонында жүргізушіден басқа тағы үш жолаушы болған.

Көлік құралын тексеру кезінде полицейлер 4 елік ұшасын, сондай-ақ мылтық пен оқ-дәрілерді тапты. Іс жүргізу үшін ұсталғандар полиция басқармасына жеткізілді. Тәркіленген қару мен жануарлардың өлекселері тиісті сараптамаға жіберілді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті тергеу іс-шаралары жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру