Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында полицейлер бүтін бір отбасыны жанып жатқан пәтерден құтқарды

Ақмола облысында полицейлер бүтін бір отбасыны жанып жатқан пәтерден құтқарды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

2025 жылғы 9 сәуірде сағат 06:45-те "102" пультіне Центральный шағын ауданының №2Б үйінде қатты түтін шыққандығы туралы хабарлама келіп түсті. Қоңырау шалушы, көршілерінің бірі, өрт жайлы және шұғыл көмек қажет екенін хабарлады.

Оқиға орнына дереу келген "Әскер 5" автопатрульінің патрульдік полиция батальонының қызметкерлері - Дәурен Түкеев пен Есен Сапар екінші қабаттағы пәтерден түтіннің ортасында қалған бес адамнан тұратын отбасын тапты.

Жағдайды бағалай отырып, полицейлер бей-жай қарамайтын азаматтармен бірлесіп шұғыл эвакуация ұйымдастырды. Анасы түтінді пәтерден 2019, 2022 және 2023 жылы туған үш жас баланы кезекпен жұбайына табыстады, ол төмендегі қабатта терезе торына шығып, оларды полицейлер мен көмекке асыққан қала тұрғындарына тапсырды.

Полиция қызметкерлері мен тұрғындардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында барлық отбасы мүшелері, соның ішінде ата-аналар бірнеше минут ішінде сәтті эвакуацияланды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, өрттің себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуы болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру