Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында полицейлер ер адамның өмірін құтқарып қалды

Ақмола облысында полицейлер ер адамның өмірін құтқарып қалды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысында патрульдік полиция қызметкерлері ер адамды құтқарып қалды
Көкшетау қаласында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері болуы мүмкін қайғылы жағдайдың алдын алды — полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің арқасында ер адамды құтқарып қалу мүмкін болды.

Оқиға тамыз айында болды. Сағат 13:40 шамасында “102” желісіне қыз баладан үрейлі қоңырау түсті. Ол өзінің ағасы Автокөлік қалашығы ауданынан Volkswagen Polo көлікпен шығып кеткенін және өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін екенін хабарлаған. Ер адам орман алқабы жаққа қарай бет алған, алайда нақты орналасқан жері белгісіз болған.

Түскен қоңыраудан кейін Көкшетау қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының аға инспекторы Азамат Алиханович Албақов пен Ербол Ескенович Тұрсынбаев жедел түрде әрекет етті.

— Біз Қарасай айналма жолының бойындағы орман алқабын тексеріп көруді ұйғардық. Автодромның қарсы бетінде екі қара жол бар еді — бірін таңдап, ішке қарай жүрдік. Ішкі сесім алдамады: орман ішінен Volkswagen Polo көлігін таптық. Ішінде жас жігіт отыр екен, — деп баяндады аға лейтенант Албақов.

Полиция қызметкерлері ер адаммен жылдам байланыс орнатып, әңгімелесе бастады, оған психологиялық қолдау көрсетті. Нәтижесінде оны жаман ойынан қайтару мүмкін болды.
Кейін ер адам полицияның №1 тірек пунктіне жеткізілді. Жақында оның қарындасы да келіп, бауыры қауіпсіз жағдайда соған тапсырылды.
Кейін белгілі болғандай, эмоционалдық күйзелістің себебі — жұбайымен болған отбасылық жанжал екен.

— Ең бастысы — оның аман қалғаны. Мұндай сәттерде жанында болып, тыңдай білу және қолдау көрсету маңызды, — деді капитан Ербол Тұрсынбаев.

Патрульдік полиция қызметкерлерінің кәсібилігі, сезімталдығы мен батыл әрекеттерінің арқасында қайғылы оқиғаның алдын алып, бір адамның өмірі сақталып қалды

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру