Ақмола облысында полицейлер тасжолда қалған отбасыға көмектесті
Ақмола облысында полицейлер тасжолда қалған отбасыға көмектесті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола облысы полиция департаментінің Instagram-аккаунтына Ақтөбе қаласының тұрғынынан әсерлі хабарлама келіп түсті. Әйел Екатеринбург — Алматы тас жолында отбасына көмекке келген полицейлерге алғысын білдірді.
— Полицейлер Евгений Дикке және Нурхан Амангелдиновқа біздің отбасымыздан үлкен алғыс білдіремін. Трассаның 921-ші шақырымында, Жақсы ауданына жақын жерде біздің көлік бұзылды. Полицейлер оны жөндеуге көмектесті. Сіздерге үлкен рақмет, оларға мансаптық өсуді және погондарда жаңа жұлдыздарды тілейміз! Біз балалармен болған едік, — деді отбасы мүшесі.
Белгілі болғандай, 30 шілдеде патрульдеу кезінде аға лейтенант Евгений Дик пен лейтенант Нурхан Амангелдинов жолдың шетінде алты адамнан тұратын Mitsubishi Delica көлігін байқады. Көліктің дөңгелегі тесілген. Полицейлер тоқтап, оны ауыстыруға көмектесіп, саяхатшылардың әрі қарай жүре алатындығына көз жеткізген.
Көлікте зейнеткер ерлі-зайыпты, екі жасөспірім, сондай-ақ Астанадан Ақтөбеге бара жатқан кішкентай баласы бар туысы болған. Отбасы тәртіп сақшыларына алғысын білдіріп, жолды жақсы көңіл-күймен жалғастырды.
Полиция қызметкерлері үшін бұл қызметтің әдеттегі бөлігі. Бірақ балалармен бірге жолда қалған отбасы үшін бұл көмек өте маңызды болды.