Ақмола облысында полицейлер ұрланған астық тиеген автокөлікті ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін ұрлаудың алдын алу және жолын кесу мақсатында "Астық–2025" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Бұл шара биылғы жылғы егіннің сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Осы іс-шара аясында 14 қазанда Бұланды аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Макинск қаласында тіркемесі бар КамАЗ автокөлігін тоқтатты. Көлікті жергілікті тұрғын басқарған. Тексеру кезінде оның облыстағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бірінің аумағынан бидайды заңсыз алып шыққаны, яғни ұрланған өнімді тасымалдап бара жатқаны анықталды.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, келтірілген материалдық залалдың көлемі есептелуде.
Ақмола облысы полиция департаменті ауыл шаруашылығы өнімдерін ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді. Құқық қорғау органдары мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу және анықтау жұмыстарын жалғастыруда. Егін жинау науқаны толық аяқталғанға дейін астықтың сақталуына бақылау күшейтіледі.
Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері қызмет етіп келеді.