Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында полицейлер вандализм жасаған күдіктіні анықтады

Ақмола облысының полицейлері Ұлы Отан соғысында қаза тапқандар мен Макинск қаласындағы интернационалды-жауынгерлерді еске алу алаңына зақым келтірген вандалдың жеке басын  анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев вандализмді өте жағымсыз құбылыс деп атап, қазақстандықтарды қоғамдық мүлікті өз меншігі ретінде қорғауға шақырды.
27 мамырда Бұланды ауданының Макинск қаласында өрескел оқиға болды: белгісіз адамдар Ұлы Отан соғысында қаза тапқан және Ауғанстандағы соғыс жылдарында қаза тапқан интернационалды-жауынгерлерді еске алу алаңында орнатылған гранит плиталарын талқандады.

Полиция қызметкерлері вандализм фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Оқиғаны полицейлер бей-жай қалдырмады: күшейтілген режимде аудандық полиция бөлімінің барлық жеке құрамы зиянкестерді іздеумен айналысты. Екі күн ішінде қызметкерлер пәтерлер мен үйлерді аралап, қылмыс жасалған ауданда орнатылған камера жазбаларын зерттеп, бұзақылық әрекеттерге бейім адамдарды тексерді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде вандалдың жеке басы анықталды. Ол Макинск қаласының 17 жастағы тұрғыны болып шықты.

Қазіргі уақытта полицейлер мұндай әрекеттің себептерін анықтап, жедел-тергеу шараларын жүргізуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру