Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында полицейлер заңсыз жалға берілетін пәтерлер мен үйлерді анықтады

Ақмола облысында полицейлер 260-тан астам заңсыз жалға берілетін пәтер мен үйлерді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола өңірінде полицейлер "Учаске" жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде пәтерлер мен үй аралауды жалғастыруда. Іс-шараның мақсаты - қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу, халықпен кері байланыс орнату және азаматтардың өтініштеріне уақытылы ден қою.

Іс-шара осы жылдың қыркүйек айында басталды. Учаскелік полиция инспекторлары сеніп тапсырылған әкімшілік учаскелерде тұратын азаматтар туралы ақпаратты нақтылап қана қоймай, белсенді құқықтық түсіндіру және алдын алу жұмыстарын жүргізеді.

Халықты учаскелік аралаудан басқа жедел қызметтердің қызметкерлері, пробация қызметінің инспекторлары және мемлекеттік органдардың өкілдері жүргізеді. Бірлескен жұмыстың арқасында 2,5 айда 285 мың пәтер мен жеке үйлер, 580-ден астам шаруа қожалықтары мен саяжай массивтері тексерілді.

Тексеру нәтижелері бойынша полицейлер заңсыз жалға берілген 265 тұрғын үйді анықтады. Қазіргі таңда пәтерлер мен үйлер бойынша материалдар құзыретті органдарға жіберілді.
"Учаске" кезеңінде құқық қорғау органдары 34000 – нан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесіп, 900 жасөспірім-бұзушыларды полицияға жеткізді. Заңсыз айналымнан тіркелмеген 27 қару тәркіленді.

Полиция азаматтардан өткізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауды және қызметкерлердің заңды талаптарына кедергі келтірмеуді сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру