Ақмола облысында полицейлер жоғалған баланы әкесінің көлігінің жүксалғышынан тапты
Ақмола облысында полицейлер жоғалған баланы әкесінің көлігінің жүксалғышынан тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
30 қыркүйек Шортанды АПБ кезекші бөліміне 37 жастағы жергілікті тұрғын 12 жастағы ұлын іздеуге көмек көрсету туралы өтінішпен жүгінді.
Ер адамның айтуынша, бір күн бұрын, 29 қыркүйек күні шамамен кешкі сағат 20.00-де кешкі астан кейін бала үйден кетіп, полицияға хабарласқанға дейін ер адамға оның қайда екендігі туралы ештеңе білмеген.
Алдымен жоғалған баланың туыстары өз бетінше іздеп табуға тырысты, алайда нәтиже бермеген соң өтініш берушілер полицияға көмек сұрап жүгінді.
Баланы іздеуге жедел-тергеу тобы, ювеналды полиция тобының және УПИ учаскелік инспекторлары жіберілді. Өтініш берушілердің тұрғылықты жеріне келгеннен кейін полиция қызметкерлері бірінші кезекте жоғалған баланың әкесінің істен шыққан автокөлігі тұрған жақын маңдағы аумақ пен ауланың аумағын қарап шықты.
Полицейлер автомобилді ашып көруді шешті, бала жүксалғышта табылды, ол әкесінің фуфайкасын жамылып ұйықтап қалыпты. Баланы тексеру кезінде өмірі мен денсаулығына төндіретін қауіп белгілері анықталмады, бала ата-анасына тапсырылды.