Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында полицейлер жолда қалған ауыр жүк көлігінің жүргізушісіне көмектесті

Ақмола облысында полицейлер жолда қалған ауыр жүк көлігінің жүргізушісіне көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 қаңтарда Степногорск қаласының маңында Астанадан Павлодарға бара жатқан Volvo ауыр жүк көлігі қарлы боранда қалып қойған. Қиын жағдайға тап болған жүргізуші «112» нөмірі бойынша көмек сұрады.

Оқиға орнына сол кезде осы ауданда қызмет атқарып жүрген Степногорск қаласы ПБ патрульдік полиция взводының қызметкерлері жедел келді. Полиция аға лейтенанты Ануар Тюлюбеков пен Арман Бляловтың құрамындағы «Буран 13» экипажы шақыруға дереу жауап берді.

Полицейлер ауыр жүкті босату үшін қажетті техниканы жалға алуға жергілікті кәсіпорындардың бірінің басшылығына хабарласты.

Сүйреу арқанының көмегімен жүк көлігі қардан тазартылған жол учаскесіне сәтті шығарылды. Содан кейін полицейлер көлікті қауіпсіз аймаққа апарып, жүргізуші мен басқа жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру