Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында полицейлер жолда қалып қойған отбасына жедел көмек берді

Ақмола облысында полицейлер жолда қалып қойған отбасына жедел көмек берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақкөл ауданы Астана-Щучинск автожолының 90-шы шақырымында патрульдік полиция қызметкерлері Жандос Әлібеков пен Нұрдәурен Орденхан жол үстінде қиын жағдайға тап болған отбасына көмек көрсетті.

Патрульдеу кезінде олар жол жиегінде дабыл белгісін жағып тоқтап тұрған көлікті байқады. Көлікке жеткенде көліктің істен шыққаны анықталды. Жүргізушінің айтуынша, олар жолда шамамен 30 минут тұрып қалған, өтіп бара жатқан автокөлік жүргізушілерінің ешбірі тоқтамаған.

Жағдайды ауа-райы қиындатты, ауа температурасы -40 градус аязға жетті. Автокөліктің салонында жүргізушімен бірге оның жұбайы, үш кәмелетке толмаған баласы болған.

олиция қызметкерлері дереу шаралар қабылдап, Газель жүк көлігін тоқтатты, оның көмегімен істен шыққан көлікті жақын маңдағы елді мекенге сүйреп апарды. Қатты аяз балалар үшін қауіпті болғандықтан полицейлер ана мен балаларын Астанаға жіберу үшін жеңіл автокөлікті тоқтатты. Жүргізуші көмектесуге бірден келісіп, жолаушыларды қалаға дейін жеткізді, ал көлікті Астана қаласына сүйреп апарды.

Жүргізуші қиын сәтте көмекке келген полиция қызметкерлеріне үлкен алғысын білдірді.
Полиция жүргізушілерге жолда мұқият болуды және жол бойында тұрған көліктерге назар аударуды сұрады. Қатты аязда уақтылы көмек көрсету адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін өте маңызды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру