Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында полиция компанияға инвестиция салу желеуімен жасалған алаяқтықты анықтады

Ақмола облысында полиция компанияға инвестиция салу желеуімен жасалған алаяқтықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысында полиция департаменті инвестицияларға байланысты алаяқтықтың жаңа түрлері туралы ескертеді. Соңғы уақытта алаяқтар азаматтарды ақша аударымдары бойынша заңсыз операцияларға қатысуға тартып, оларды дроппер, яғни заңсыз делдал ретінде пайдалануды көздейді. Мұндай жағдайда адамдар өздерінің қылмыстық әрекеттерге қатысып жатқанын немесе алаяқтық схеманың бір бөлігі екенін көбіне түсінбейді.

Қосшы қаласында орын алған жағдай осының айқын мысалы. Қаланың полицейлері «Industrial-Trading» атты компанияға инвестиция салу желеуімен жасалған алаяқтықты анықтады. Жетісу облысының тұрғыны өзін брокердің «менеджері» ретінде танытып, өзінің банктік шотын алаяқтарға пайдалануға берді. Қосшы қаласының тұрғыны бұл шотқа 1 миллион теңге аударып, оны инвестиция деп ойлаған. Алайда бұл әрекет алаяқтық болып шықты. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, зейнеткер келтірілген шығынды өтеуге мәжбүр.

Алаяқтардың торына түспеу үшін бірнеше маңызды ережелерді есте сақтаңыз. Күмәнді ұсыныстардан бас тартыңыз. Жұмыс туралы хабарландыруларды мұқият тексеріңіз және жылдам әрі оңай ақша табуды уәде ететін ұсыныстарға сенбеңіз.

Қаржылық операцияларда сақ болыңыз. Белгісіз адамдардың өтініші бойынша өз шотыңызға ақша аударуға немесе қолма-қол қаражатқа келісім бермеңіз.

Күтпеген аударымдардан сақтаныңыз. Егер сіздің банктік шотыңызға түсініксіз аударымдар келсе, дереу банкке хабарласыңыз.

Алаяқтар көбінесе қарт адамдарды, мектеп оқушылары мен студенттерді нысанаға алады. Сондықтан жақындарыңызға дроппер схемаларының қауіптілігі туралы айтыңыз.

Есіңізде болсын: алаяқтарға қарсы тұрудың ең тиімді құралы — сіздің қырағылығыңыз бен ақпараттылығыңыз. Әрдайым сақ болыңыз, күмәнді жағдайларда полицияға немесе банкке жүгінуден тартынбаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру