Ақмола облысында полиция өзгенің мүлкін өртеп жіберген ер адамды анықтады
Ақмола облысында полиция өзгенің мүлкін өртеп жіберген ер адамды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола полицейлері бұрын жасалған қылмысты ашты. Біржан Сал ауданының полиция бөліміне жергілікті кәсіпкердің өтініші келіп түсті. Ер адам ағымдағы жылдың 8 наурызында белгісіз адамдар ауданда орналасқан өзіне тиесілі ЖШС-нің тұрғын үй вагонын өртегенін хабарлады.
Залал сомасы 1 млн теңгені құраған.
Тергеу барысында полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол осы кәсіпорынның қызметкері, Қостанай облысының 29 жастағы тұрғыны болып шықты.
Осы фактіге қатысты полиция бөлімі Қазақстан Республикасы ҚК 202-бабының 2-бөлігі (Бөтеннің мүлкін қасақана жою) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Естеріңізге сала кетейік, Қылмыстық кодекстің осы бабының 2-бөлігінің санкциясы үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары жазаны көздейді.