Ақмола облысында полиция профилактикалық іс-шара өткізді
Ақмола облысында полиция профилактикалық іс-шара өткізді, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола облысында 1 қыркүйектен 1 қарашаға дейін “Учаске” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Оның мақсаты - көше және тұрмыстық қылмыстың алдын алу, азаматтардың құқықтарын қорғау, әлеуметтік осал отбасыларға көмек көрсету және экстремизм мен терроризм фактілерінің көріністеріне жол бермеу.
Осы кезеңде Ақмола облысында 334 әкімшілік учаске бар. 8 күн ішінде полиция қызметкерлері 20 мыңнан астам жеке үйлер мен пәтерлерді аралап шықты.
Жалға берілетін тұрғын үйлерге ерекше назар аударылады. ЖПІШ барысында 48 пәтерде бұзушылықтар анықталды. Сондай-ақ 1400-ден астам саяжай үйлері мен 379 шаруа қыстақтары тексерілді.
Профилактикалық жұмыс аясында полиция қызметкерлері 355 тұрмысы нашар отбасына барып, 1534 азаматтық қару иелерін тексерді. Олардың қорытындысы бойынша құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы 73 ұсыныс шығарылды.
Аралау барысында полицейлер есепте тұрған азаматтардың өмір сүру жағдайларын тексеріп қана қоймай, халыққа құқықтық тәртіп мәселелері бойынша кеңес береді, жеке және қоғамдық қауіпсіздік шаралары туралы еске салады.