Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында полиция ұрлыққа қатысы бар күдіктілерді құрықтады

Ақмола облысында полиция ұрлыққа қатысы бар күдіктілерді құрықтады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысында полицейлер қысқа мерзімде облыс аумағында жасалған ұрлықтың екі фактісін ашты. Мәселен, 16 қыркүйекте Көкшетау қаласының полиция басқармасына жергілікті тұрғын оның пәтерінен алтын бұйымдар ұрланғаны туралы өтінішпен жүгінді. Залал сомасы 600 мың теңгені құрады.

Келесі күні, 17 қыркүйекте Астрахан ауданының полиция бөліміне осыған ұқсас өтініш келіп түсті, онда ауылдардың бірінің тұрғынынан белгісіз адамдар үйге еркін кіріп, екі жұп сырға ұрлап кетті. Залал 200 мың теңгеге бағаланды.

Екі жағдайда да полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, күдіктілерді анықтап, сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жеке мүліктін ұрланбауы үшін үйден шықпас бұрын әрқашан есіктер мен терезелердің жабық екенін тексеріңіз.

Үлкен сомалар мен бағалы әшекейлерді көзге көрінетін жерде сақтамаңыз, мүмкін болса, техникалық қорғаныс құралдарын қолданыңыз.
Ауладағы немесе кіреберістегі барлық күдікті адамдар туралы дереу полицияға хабарлаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру