Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында полиция жабайы қабанды атып өлтірген браконьерді ұстады

Ақмола облысында полиция жабайы қабанды атып өлтірген браконьерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы жылдың 14 қазанында жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік инспекторлары Саят Нүкенов пен Мерден Кенжегозин «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында жабайы қабанның ұшасы бар браконьерлерді ұстады. Атылған жануардың ұшасын полиция қызметкерлері Красный Яр ауылының 43 жастағы тұрғынының басқаруындағы Nissan Terrano автокөлігінің жүксалғышынан тапты.

Жүргізушіден басқа көлікте екі жолаушы болды, олардың біреуі жануарды атқандарын мойындады. Ер адамнан 12 калибрлі МР-155 тегіс ұңғылы аңшылық мылтық тәркіленді.

Полиция бөлімі осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, сараптама тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтар жасауға қарсы іс-қимылдың алдын алу шараларын күшейту мақсатында осы жылдың 16 қыркүйегі мен 1 қарашасы аралығында Ақмола облысының аумағында «Учаске» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру