Ақмола облысында полиция жалған нөмірмен және жүргізуші куәлігінсіз көлік тізгіндеген тұрғынды ұстады
Ақмола облысында полиция жалған нөмірмен және жүргізуші куәлігінсіз көлік тізгіндеген тұрғынды ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
4 мамыр сағат 20:20 шамасында Атбасар қаласының көшелерінде патрульдік полиция қызметкерлері ВАЗ-2107 автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында тәртіп сақшылары көліктің бастапқыда шетелдік нөмірмен тіркелгенін анықтады. Алайда 27 жастағы жүргізуші заңсыз жолмен Қазақстан Республикасының тіркеу нөмірін орнатып, көлікпен бір айға жуық уақыт бойы жүріп келген.
Одан бөлек, полиция қызметкерлері азаматтың бұған дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылғанын да анықтады.
Аталған заң бұзушылықтар бойынша екі әкімшілік хаттама рәсімделді – ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігі бойынша (Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) және ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 3-бөлігі бойынша (Құжаттары жоқ әрі басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы).
Айта кетейік, 19 сәуірден бастап Ақмола облысы аумағында "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Полиция департаменті барлық жол қозғалысына қатысушыларды заң талаптарын қатаң сақтауға, жолда мұқият әрі жауапкершілікпен әрекет етуге шақырады. Жол қауіпсіздігі – әрбір азаматтың ортақ міндеті.