Ақмола облысында полиция жасырын есірткі қоюшыны ұстады
Ақмола облысында полиция жасырын есірткі қоюшыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмолалық есірткімен күресушілер өңір аумағында синтетикалық есірткіні жасырын қойып кетушілермен үздіксіз күресіп жатыр.
Сәуір айында Щучинск қаласында жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері есірткі сатушының қылмыстық әрекетін тоқтатты. Тыйым салынған заттарды 19 жастағы жас жігіт жасырын қойып кету арқылы таратқан.
Тергеу іс-шаралары кезінде полицейлер фигуранттан 88 есірткі жинағын тәркіледі, оның 30-ын ол мекенжайларға қалдырып үлгерген. Сол күні барлық есірткі белгілерін жедел уәкілдер тауып, сараптамаға жіберді.
Анықталғандай, жас жігіт екі апта бұрын кураторлардан қажетті дайындық пен нұсқаулықтан өткеннен кейін заңсыз әрекеттермен айналыса бастаған. Күдіктінің өзі жұмыс істемейді, қылмыстық жолмен жеңіл ақша тапқысы келген.
Бұл факт бойынша полицейлер қылмыстық іс қозғап, тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр.
Айта кету керек, биыл полицейлер 16 есірткі қойып кетушілердің қызметін тоқтатты.