Ақмола облысында «Пробация қызметінің үздік қызметкері» байқауы өтті
Ақмола облысында «Пробация қызметінің үздік қызметкері» байқауы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаменті өткен жылдың қорытындысы бойынша «Пробация қызметінің үздік қызметкері» байқауын өткізді. Байқау екі кезеңде өтті. Алдымен әрбір аудандық бөлім негізгі көрсеткіштері бойынша үздікті анықтады, содан кейін ғана 20 қызметкер арнайы, атыс және дене шынықтыру дайындығы бойынша тапсырмаларды орындай отырып, кімнің жақсырақ екенін іс жүзінде дәлелдеуге тырысты.
Нәтижесінде Степногорск қаласының пробация қызметі бөлімінің бастығы Нариман Хасенов ең көп ұпай жинаған жеңімпаз атанды. Нариман ҚАЖ департаменті бастығының грамотасымен марапатталды.
Пробация қызметінің қиындығы есепке алынған адамдарды бақылауда ғана емес, олардың көбіне бейімделуге, жұмысқа орналасуға, құжаттарды қалпына келтіруге, атаулы әлеуметтік көмекті алуға және көмек беруде болып отыр.
Айта кету керек, іріктеу турының қорытындысы бойынша теория мен тәжірибеде, күрестің жауынгерлік тәсілдерін меңгеруде тәжірибелі қызметкерлер Нариман Хасенов, Ризабек Қапаров, Арман Қыстаубаев, Ерлан Айтмурзинов, Талғат Әлиев, сондай-ақ жас жігіттер Александр Демьянов, Әлихан Кенжеболатов, Әділ Сәлімов, Нұрсұлтан Ульмағамбетов, Дастан Қазбеков жақсы білімдерін көрсетті.
Нариман Хасенов – 1982 жылы 26 қаңтарда Торғай облысының Тасты ауылында дүниеге келген, үйленген, екі ұл тәрбиелеп отыр. Мектептен кейін ҚР ІІМ Академиясының заң институтына түсті, оқуды аяқтаған соң оның бірінші қызмет орыны – Степногорск қаласы ІІБ криминалисі. Бұдан әрі учаскелік полиция инспекторы болып жұмыс істеді, азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының аға инспекторы лауазымынан 2017 жылы қылмыстық-атқару жүйесі органына ауысты. Бүгінде жеті қызметкерден тұратын бөлімді басқарады.