Ақмола облысында ҚАЖ қызметкерлері студенттерге заңды сақтаудың маңызын түсіндірді
Ақмола облысында ҚАЖ қызметкерлері студенттерге заңды сақтаудың маңызын еске салды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола облысы ҚАЖД қызметкерлері "Заң және тәртіп" тұжырымдамасын іске асыру аясында Көкшетау қаласындағы Жоғары техникалық колледж студенттерімен маңызды кездесу ұйымдастырды.
Кездесудің мақсаты – жастарға заң бұзудың қандай салдарға әкелуі мүмкін екенін түсіндіру.
Кездесу барысында №7 мекеме қызметкерлері Хадиша Ералинова және Аслан Зылғардың сөз сөйлеуі студенттермен еркін пікір алмасу алаңына айналды.
- Жастар біздің қызметімізге, қылмыстық-атқару жүйесінің ерекшеліктері және әсіресе есірткіге байланысты қылмыстардың салдары туралы әңгімемізге үлкен қызығушылық танытты. Мұндай кездесулер жастардың заң мен қоғам алдындағы жауапкершілігін түсінуі, келеңсіз жағдайлардан аулақ болып, болашақты қателіктерсіз құруы үшін өте маңызды, – деді жасақ бастығы Ералинова.
Қызмет туралы ақпараттан бөлек, студенттер үшін қылмыстық жауапкершіліктің шынайы мысалын көрсету мақсатында онлайн-кездесу ұйымдастырылды. Сотталған азамат жастарға өкінішін, ақылын айтты. Оларды заң бұзушылықтан аулақ болуға шақырды.
