Ақмола облысында қоғамдық тәртіпті нығайтуға арналған флешмоб ұйымдастырылды
Ақмола облысында полиция мен өңір тұрғындары тәртіп пен қауіпсіздік үшін бірікті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола облысында қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында “Тәртіп үшін халықпен бірге” тақырыбында флешмоб ұйымдастырылды.
Акция алкоголизммен күрес және қоғамдағы тәртіп мәдениетін арттыру сияқты өзекті әлеуметтік мәселелерге назар аударуға бағытталды.
Іс-шара өңірлік полиция департаментінің қолдауымен өтті және жергілікті тұрғындар мен еріктілер белсенді қатысты. Флешмоб облыс орталығы — Көкшетау қаласындағы Абылай хан алаңында ұйымдастырылып, оған 100-ге жуық адам жиналды.
Басты мақсат — азаматтарды күнделікті өмірде тәртіп сақтауға, қоршаған ортаға құрметпен қарауға шақыру болды.
Акция бірнеше кезеңнен тұрды. Алғашқы бөлімде қатысушылар шулы мінез-құлық пен рұқсат етілмеген жерде ішімдік ішу секілді теріс әрекеттерді сахналық көрініс түрінде көрсетті. Ал келесі сәттерде олар үлгілі мінез-құлық танытып, аумақты тазалап, бөтелкелер мен қоқыстарды жинап, өзгелерге құрмет көрсетудің үлгісін паш етті.
Осы кезде полиция қызметкерлері қоғамға үндеу жолдап, “Тәртіп бізден басталады!” және “Алкоголь — бұл жол емес! Құрмет пен бірлік — біздің күшіміз!” деген ұрандармен сөз сөйледі.
Іс-шара соңында барлық қатысушылар “Тәртіп үшін халықпен бірге”, “Вместе с народом за порядок!” деп бір дауыспен ұрандатты.
Флешмоб қатысушыларының бірі қоғамдағы тәртіпті сақтау мен жастарды алкогольдің зиянынан қорғаудың маңызын атап өтті.
