Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында "Құқықтық тәртіп" профилактикалық іс-шарасы өтуде

Ақмола облысында "Құқықтық тәртіп" профилактикалық іс-шарасы өтуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 21–23 қазан аралығында Ақмола облысының аумағында "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Іс-шара барысында полицейлер 300-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Көпшілігі — қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішу, тіркеудің немесе жеке басын куәландыратын құжаттардың болмауы, көші-қон заңнамасын бұзу және кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ересектердің еріп жүруінсіз көшеде жүру деректері.

Полиция қызметкерлерінің басты міндеті — құқық бұзушылықтың алдын алу. Осы мақсатта азаматтармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, заң талаптары мен оларды бұзған жағдайда туындайтын жауапкершілік еске салынады. Сонымен қатар тұрғылықты жері жоқ азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетіліп, қажетті құжаттарды рәсімдеуге жәрдем беріледі.

"Құқықтық тәртіп" профилактикалық іс-шарасы өңірде тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Оның негізгі мақсаты — тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру