Ақмола облысында қызметтік автокөліктердегі QR-кодтар жаңартылды
Ақмола облысында қызметтік автокөліктердегі QR-кодтар жаңартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
"Адал полицей" кең ауқымды акциясы аясында Ақмола облысында патрульдік полицияның қызметтік автокөліктерінде, сондай-ақ әкімшілік ғимараттарда орналастырылған QR-кодтар жаңартылды.
QR-кодтың көмегімен азаматтар нақты уақыт режимінде кез келген құқыққа қайшы әрекеттер, сыбайлас жемқорлық фактілері немесе полиция қызметкерлері тарапынан лауазымдық өкілеттіктердің асыра пайдалану туралы хабарлай алады.
Сілтеме бойынша өткеннен кейін өтініш беруші автоматты түрде WhatsApp мессенджерінің чатына түседі, онда анықталған заң бұзушылықтар туралы хабарламаны жолдай алады. Халыққа ыңғайлы болу үшін QR-кодтар патрульдік полицияның барлық қызметтік көлдіктерінде, учаскелік полиция пункттерінде және ішкі істер органдарының әкімшілік ғимараттарында орналастырылған.
Жыл басынан бастап Қазақстанда халықтың полиция қызметіне деген сенімін арттыруға, сондай-ақ құқық қорғау органдары жұмысының ашықтығын, жауапкершілігі мен айқындығын қалыптастыруға бағытталған "Адал полицей" кең ауқымды акциясы басталды.
