Ақмола облысында саяжайға ұрлыққа түскен күдікті ұсталды
Ақмола облысында саяжайға ұрлыққа түскен күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Саяжай үйлерінен ұрлықтың жиілеп кетуіне байланысты тәртіп сақшылары өңір тұрғындарынан иелері болмаған кезде саяжай үйлерінің жанында бейтаныс күдікті азаматтарды көргенде 102 телефоны бойынша дереу хабарлауды сұрайды.
Ұрлықтың алдын алу үшін полицейлер аса абай болуға, саяжай үйлерінен кетерде құнды заттарды қалдырмауға, есіктер мен терезелерді мүмкіндігінше темір торлармен жабдықтай отырып, нығайту бойынша барлық мүмкін шараларды қабылдауға кеңес береді.
Осындай ұрлықтың бірі 13 мамырда Ақмола облысында тіркелді. Ақпарат бойынша Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Қосшы ауылындағы үйді жазғы үй ретінде пайдаланады. Тұрғын саяжай үйіне келген бетте ол учаскенің аумағынан белгісіз біреулер темір күбіні, су сорғысын, шпалдарды, көліктің тіркемесін, қара металды ұрлап әкеткенін көрген.
Өтініш беруші келтірілген шығынның жалпы көлемін 500 мың теңгеге бағалады. Жедел-іздестіру шаралары барысында бірнеше сағат ішінде полиция қызметкерлері ұрлықтың бетін ашып, күдіктіні ұстады.
Ол сол ауылдың 39 жастағы тұрғыны болып шықты. Қаскүнемнің айтуынша, ол түнгі уақытта Газель көлігімен бөтен мүлікті ұрлап әкетіп отырған.
Аталған факт ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Үшінші тұлғалардың ұрлыққа қатысы бар-жоғы анықталуда. Ұрланған мүлік иесіне қайтарылды.