Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында «Сергек» бейнебақылау камералары 16 мыңнан астам заң бұзушылықты анықтады

Ақмола облысында жыл басынан бері «Сергек» бейнебақылау камералары 16 мыңнан астам заң бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысының полициясы ЖКО-ның алдын алу шараларын тұрақты негізде жүргізеді. Бүгінгі таңда облыс аумағында 512 ауыр ЖКО тіркелді, соның салдарынан 717 азамат түрлі дәрежедегі жарақат алса, оның ішінде 165-і балалар. Сондай-ақ 68 адам қаза тапты, оның ішінде 9-ы бала.

Тәртіп сақшыларының пікірінше, ЖКО-ның негізгі себебі жылдамдықты арттыру салдарынан болады. Азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында Көкшетау жолдарында 22 апатты-қауіпті учаскеде «Сергек» кешені орнатылған. 2024 жылдың 21-маусымынан бастап, олар жылдамдықтың артуына, бағдаршамның тыйым салу белгісіне, аялдама желісіне, жол таңбасына және тыйым салу орындарында тоқтау, тұрақтау сәтіне жол жүрудің бұзылуын тіркейді.

Жалпы облыс аумағында бұрын авариялық-қауіпті учаскелерде орнатылған «Сергек» кешенінің 63 бірлігі жұмыс істейді.

Жыл басынан бері «Сергек» кешенінде 16 548 бұзушылық тіркелді, оның ішінде 16 233 бұзушылық жылдамдық режимін асырғаны үшін тіркелген.

Осыған байланысты полицейлер жол қозғалысының барлық қатысушыларын ЖҚЕ бұзбауға және жолдарда барынша қырағы болуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру