Ақмола облысында шетелдік көлік аударылды
Ақмола облысында шетелдік автокөлік аударылды. Полицейлер болған оқиғаның мән жайын анықтап жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz
8 қарашада Ақкөл ауданының полиция бөліміне жедел жәрдем станциясының диспетчерінен Ақкөл – Кеңес ауылдық жолында жол-көлік оқиғасы болғандығы туралы хабарлама келіп түсті.
Степногорск қаласының 38 жастағы тұрғыны Honda Eliysion автокөліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, кюветке аударылғаны анықталды. ЖКО салдарынан орталық аудандық ауруханаға 41 және 36 жастағы Степногорск қаласының екі тұрғыны жатқызылды. Кейінірек елордалық ауруханаға көліктің үшінші жолаушысы көмек сұрап жүгінгені анықталды.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды