Ақмола облысында сотталғандар Нельсон Манделаның портретін салды
Ақмола облысында сотталғандар Нельсон Манделаның портретін салды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
№65 және №1 мекемелерінде адам құқықтары үшін күрестегі ең танымал белсенділердің бірі Нельсон Манделаны еске алу үшін бірқатар іс-шаралар өткізілді. Сотталғандар Оңтүстік Африка мемлекет және саяси қайраткерінің өмірбаяны туралы бейнероликтерді тамашалады. 1994 жылдың 10 мамырынан 1999 жылдың 14 маусымына дейін Оңтүстік Африка Республикасының президенті Нельсон Мандела апартеид кезеңінде адам құқықтары үшін күрестегі ең танымал белсенділердің бірі, 27 жыл түрмеде отырған.
– Бұл іс-шара халықаралық Нельсон Мандела күніне арнайы ұйымдастырылған онкүндік аясында өтті. Бағдарлама бірқатар іс-шараларды қамтыды. Яғни дәрістер, бейнефильмдер, көркем фильм көрсетілді. Басты мақсат – кері байланыс алу, өз нәтижесін берді. Сотталғандар өздерінің презентациялары мен шағын баяндамаларын дайындап, Нельсон Мандела отырған камераның макетін жасады және оның портретін салды, – дейді мекеменің тәрбие жұмысы бөлімінің инспекторы Анастасия Фроль.
– Мұндай адамның портретін салу мен үшін қызықты болды. Бірақ мен бостандықта жүргенде бұл адам туралы ештеңе білмегенмін. Алайда осы шара арқылы көп мағлұмат алдым. Менің ойымша, бұл өте жақсы іс болды, – деп бөлісті сотталған.