Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында тонау фактісі әшкереленді

Ақмола облысында тонау фактісі әшкереленді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері бұрын жасалған қылмысты ашты. Красный Яр ауылының тұрғыны Көкшетау қаласының полиция басқармасына осы жылдың 21 маусымда облыс орталығындағы жатақханалардың бірінің ауласында белгісіз екі адам одан алтын бұйымдарды ашық ұрлап әкеткені туралы өтінішпен жүгінді. Залал сомасы шамамен 900 мың теңгені құрады. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер Макинск қаласының екі тұрғынын анықтады, олардың қатысы тексерілуде.

Полиция департаменті мұндай қылмыстар кенеттен, көбінесе қоғамдық орындарда жасалатынын еске салады. Азаматтарға, әсіресе қаңырап қалған немесе қараңғы жерлерде, көп мөлшерде ақша мен қымбат зергерлік бұйымдарды алып жүрмеуге кеңес беріп, абай болуды ұсынылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру