Ақмола облысында төтенше жағдай кезінде күресте ерлік көрсеткен полиция қызметкерлері «Халық алғысы» медалімен марапатталды
Ақмола облысында төтенше жағдай кезінде коронавируспен күресте алдыңғы қатарда ерлік көрсеткен полиция қызметкерлері «Халық алғысы» медалімен марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев салтанатты іс-шарада төтенше жағдай кезінде коронавируспен күресте алдыңғы қатарда ерлік көрсеткен 8 полиция қызметкерін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген «Халық алғысы» медалімен марапаттады. Сондай-ақ, тәртіп сақшыларына жаңа қызметтік көліктердің 24 кілтін табыстады.
Өңір басшысы, өкінішке орай, коронавирустық инфекцияның таралуын азайту бойынша қабылданып жатқан шараларға қарамастан, біздің облыста сырқаттанушылық бойынша көрсеткіштердің артқанын атап өтті.
– …Қазіргі уақытта біз эпидемияға қарсы шараларды жалғастырамыз, олардың сақталуын бақылауды күшейтеміз. Медициналық қызметкерлермен қатар полиция қызметкерлері коронавируспен күресте алдыңғы қатарда. Біздің қоғамдағы тыныштық полицияның мінсіз қызметімен байланысты. Бүгін сіздер карантиндік шаралардың сақталуын қадағалап, бекеттерде жұмыс жасайсыздар. Бұл үлкен еңбек!…, – деп атап өтті облыс әкімі.
Көптеген ақмолалықтар ТЖ режимі мен карантин кезінде қиын өмірлік жағдайларға тап болды. Оларға көмекке қатардағы полицейлер келді, олар қиын жағдайдан шығудың жолын бірге іздеді. Олардың ішінде ПД патрульдік полиция ротасының командирі Талғат Ерденов, ПД көші-қон қызметі басқармасы сыртқы көші-қон бөлімінің аға инспекторы Біржан Жомартұлы , Көкшетау қаласының ПБ патрульдік полиция батальоны саптық бөлінісінің взвод командирі Мәди Шәріпов, Көкшетау қаласының ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы Сергей Штефанов, ПД патрульдік полиция батальоны саптық бөлінісінің қызмет инспекторы Ернұр Хамза, Көкшетау қаласының ПБ патрульдік полиция батальоны саптық бөлінісінің қызмет инспекторы Нариман Шаймерденов және Зеренді ауданының полиция бөлімінің патрульдік полиция тобының қызмет инспекторы Иван Еремин «Халық алғысы» медальдерімен наградталды.
– …Мемлекет басшысы пандемияның қиын күндерінде көрсеткен еңбегімізді жоғары бағалады, оған «Халық алғысы» – халық алғысы дәлел болып табылады. Марапаттар мен және менің әріптестерім үшін мінсіз қызметке ынталандырады, әсіресе қазір осы қауіпті инфекцияның жаңа толқыны басталған кезде…, – деді ПД патрульдік полиция ротасының командирі Талғат Ерденов.
Сонымен қатар, облыс әкімдігі полиция органдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуге көп көңіл бөлетіні белгілі, бұл әрине жедел жағдайға оң әсер етеді. Ағымдағы жылы Полиция күніне қызметтік іс-әрекетті орындау үшін 34 жаңа автокөлік берілді.
Бүгін құқық қорғау органдары 24 жеңіл автокөлігін алды, «Лада веста» маркалы 10 бірлік, «Лада Ларгус» бес бірлік, «Хюндай Соната» төрт бірлік, «КиА Церато» бес бірлік, оның ішінде 12 автокөлік Көкшетау қ.ПБ патрульдік полиция батальонына, ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының патрульдік полиция батальонына алты бірлік, Ақмола облысы ПД ЖПҚБ патрульдік полиция ротасына алты автокөлік құралы берілді.
Айта кету керек, барлық автокөліктер заманауи арнайы техникамен, бейне тіркеуіштермен және навигациялық жүйелермен жабдықталған. Бұл ұстау топтарының жұмысын нақты уақыт режимінде үйлестіруге мүмкіндік береді және жасақтардың оқиға орнына немесе күзетілетін объектіге келу уақытын барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, Ермек Маржықбаев барлық жеке құрамға адал қызмет атқарғаны үшін алғыс айтты. Көшеде полиция қызметкерлерінің болуы қоғамдық қауіпсіздік пен азаматтардың тыныштығын қамтамасыз ету үшін одан да қажет болды. Қызметтік көлікті алуымен құттықтап, жаңа автокөліктер полицейлерге ұтқыр болуға және азаматтардың хабарламаларына жедел ден қоюға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.