Ақмола облысында тұрғын мүмкіндігі шектеулі жанның телефонын алаяқтықпен иемденіп алған
Ақмола облысында тұрғын мүмкіндігі шектеулі жанның телефонын алаяқтықпен иемденіп алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
27 қыркүйек күні Атбасар қаласының полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан алаяқтық фактісі туралы өтініші келіп түсті.
19 қыркүйекте сағат 17:30 шамасында тұрғынның 18 жасар мүгедек ұлына тиесілі Redmi 9С телефонды алдау арқылы иемденгенін хабарлады. Оқиға болған күні жәбірленуші тұрғын үйдің ауласында телефонынан бейнероликтер қарап отырған. Оған бейтаныс адам келіп, қоңырау шалу үшін ұялы телефонын сұраған. Жас жігіт бейтаныс адамға көмектесуге шешім қабылдап ұялы телефонын оның қолына берді. Күдікті байланыс нашар деп түсіндіріп, алшақтап, содан кейін қашып кеткен.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталды. Ол Солтүстік Қазақстан облысының 29 жастағы тұрғыны болып шықты.
Ер адамның айғақтарына сәйкес, оған шұғыл түрде өз қажеттіліктеріне ақша қажет болған, осыған байланысты ол басқа біреудің ұялы телефонын иемденіп, оны сатуға шешім қабылдады.
Осы фактіге қатысты полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.