Ақмола облысында тұрғынның жүк көлігінен заңсыз қарағай көшеттері табылды
Ақмола облысында тұрғынның жүк көлігінен заңсыз қарағай көшеттері табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2 қазан күні Астана – Петропавл автожолының 168-шақырымында Ақмола полицейлері Астана қаласының 55 жастағы тұрғынының басқаруымен КАМаз автокөлігін тоқтатты.
Көлік құралынан полиция биіктігі 3-4 метр қарағай тұқымды 60 көшет тапты, оған тиісті құжаттар болмады.
Біржан-Сал ауданының полиция бөлімі бұл фактіні ҚР ҚК-нің 340-бабы 3-бөлігі (Заңсыз кесу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркеді. Ағаш көшеттері тәркіленді.
Алдын ала тергеу барысында жүргізушінің жеке деректері белгісіз клиенттің тапсырысы бойынша елордаға ағаштарды тасымалдаумен айналысқаны анықталды.
Бурабай ауданының аумағында полицейлер оқиға болған жерді тексерді, жүргізушінің айтуы бойынша клиенттен көшеттерді алған, сол жерде 60 бос тесік орындар табылды.
Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары заңсыз кесуге қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жедел-тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр.