Ақмола облысында ұлы анасының келісімінсіз онлайн-несие рәсімдеді
Ақмола облысында ұлы анасының келісімінсіз онлайн-несие рәсімдеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көкшетау қаласының Полиция басқармасына Көкшетау қаласының 52 жастағы тұрғынынан банктердің бірі ол алмаған 135 мың теңге мөлшерінде кредит бойынша төлем талап ететіндігі туралы өтініш келіп түсті.
Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті анықталды. Ол есірткіге тәуелді, жәбірленушінің 24 жастағы ұлы болып шықты. Жігіт анасының құжаттары мен банк картасына қол жеткізе алды. Бұрын ол анасының атына 100 мың теңге сомасына несие ресімдеп, оны уақытылы жапқаны белгілі болды.
Екінші рет ер адамда қарызды ай сайын өтеуде қиындықтар туындады. Қазіргі уақытта аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдіктіге қатысты келу міндеттемесі түрінде мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Полиция қызметкерлері өздерінің құпия деректерін құпия сақтауды, телефондарды парольдермен қорғауды, пин-кодтарды ешкімге айтпау, банк карталарын өздері ғана ұстау керектігін ескертеді.