Ақмола облысында ұрлық жасаған күдікті қолға түсті
Ақмола облысында ұрлық жасаған күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Осы жылдың 17 шілдесінде Зеренді ауданының полиция бөліміне кәсіпорын басшылығынан 12 шілдеде ЖШС аумағынан белгісіз адамның жол тегістейтін темір каток ұрлап әкеткені туралы арыз келіп түсті. Күдіктінің іс-әрекетінен келтірілген залал сомасы белгіленуде.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері ауыр жол техникасын ұрлап әкетушіні ұстады, ол жақын шетелдің 43 жастағы тұрғыны болып шықты.
Осы фактіге қатысты полиция бөлімімен ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Күдіктіге қатысты келу туралы міндеттеме түріндегі іс жүргізу мәжбүрлеу шарасы сайланды.