Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында үш мас жүргізуші ұсталды

Ақмола облысында бір тәулікте бұрын көлікті басқару құқығынан айырылған үш мас жүргізуші ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

7 сәуірде Ақмола облысында полицейлер мас күйде көлік басқарудың үш фактісін анықтады. Барлық жүргізуші бұрын көлікті басқару құқығынан айырылған. Есіл ауданында екі жағдай тіркелді. Олардың бірінде полиция қызметкерлері жүргізушісі орташа мас күйінде болған Volkswagen Passat-ты тоқтатты.

Ол 2022 жылы ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша 7 жыл мерзімге көлікті басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Осындай бұзушылықты Sonlink мотоциклшісі жасады, ол да мас күйде болған.

Үшінші факт Көкшетауда тіркелді. Патрульдік полиция экипажы СҚО-ның 33 жастағы тұрғынының басқаруымен Audi 100 көлігін тоқтатты. Жүргізуші 2024 жылы көлікті басқару құқығынан айырылған, бірақ қайтадан мас күйінде рульге отырған. Бұл бойынша сараптама тағайындалды.
Барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полицейлер азаматтарды ЖҚЕ сақтауға және мас күйде көлікті басқаруға жол бермеуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру