Ақмола облысында үш жасар қыз 4-қабаттың терезесінен құлап түскен
Ақмола облысында үш жасар қыз 4-қабаттың терезесінен құлап түскен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
21 шілдеде Қосшы қалалық полицияның кезекші бөліміне жедел жәрдем станциясынан баланың төртінші қабаттың терезесінен құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. Анықталғандай, 3 жасар қыз бала ересектердің қарауынсыз қалған. Кішкентай қыз қызығушылықпен терезеге көтеріліп, терезеден құлап түскен.
Жабық бас ми жарақаты, мидың шайқалуы, қабырғалардың сынуы диагнозы қойылған бала Астана қаласының №2 қалалық балалар ауруханасында жатыр. Балалардың терезеден құлап кетуіне байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін полицейлер ата-аналарға жас балаларды терезелері ашық бөлмеде қараусыз қалдырмауға, маскит торларын тиісті қорғаныссыз пайдаланбауға, терезелердің жанына жиһаз қоймауға кеңес береді.