Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында заңсыз аңшылық жасаған браконьерлерге сот үкімі шығарылды

Ақмола облысында заңсыз аңшылық жасаған браконьерлерге сот үкімі шығарылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұланды ауданында орын алған елікті заңсыз аулау ісі бойынша сот жергілікті тұрғынды кінәлі деп танып, оған бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

2024 жылдың 22 қазанында Макинск қаласының маңында полиция қызметкерлері ВАЗ 21214 маркалы автокөлікті тоқтатқан кезде оның жүксалғышынан еліктің кесілген өлекселері табылған. Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер жануардың сойылған орнын және терісін де анықтады.

Тергеу нәтижесінде, көліктің жолаушысы,  Макинск қаласының тұрғыны, жануарды атып өлтіргені белгілі болды. Бұланды аудандық соты 2025 жылдың қаңтарында оны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабы (Заңсыз аңшылық) бойынша кінәлі деп тауып, 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сонымен қатар сотталған азамат осы уақыт аралығында аңшылықпен айналысу құқығынан айырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру