Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында заңсыз жұмыс істеген Нигерия азаматы анықталды

Ақмола облысында заңсыз жұмыс істеген Нигерия азаматы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұзушылық “Мигрант” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында анықталды.

9 желтоқсанда Ақмола облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері Қосшы қаласының ПБ бірлесіп рейдтік іс-шаралар өткізу кезінде Нигерия азаматын анықтады, ол 2022 жылғы маусымға дейін ЖШС директорының орынбасары ретінде виза алып, алған визамен байланысты емес іс-әрекеттерді іс жүзінде жүзеге асырды.

Тексеру нәтижесі бойынша шетелдік азамат Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Санкцияға сәйкес, оған 25 АЕК, яғни 72 925 теңге мөлшерінде айыппұл салынуы немесе 10 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынуы немесе елден әкімшілік жолмен шығарылуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру