Ақмола облысында жалға алған көлікті сатып жіберген алматылық ұсталды
Ақмола облысында жалға алған көлікті сатып жіберген алматылық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Іздестіру» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында ақмолалық полицейлер Қосшы қаласының тұрғынының өтініші бойынша бұрын жасалған қылмысты ашты.
Жәбірленуші полициядан көмек сұрап, өткен жылдың 29 қазанында өзіне тиесілі ГАЗель көлігін бейтаныс адамға жалға бергенін түсіндірді. Шығын сомасы төрт млн теңгені құрады.
Бірнеше күннен кейін көлікті қайтаруға уәде берген бейтаныс адам бес айға жоғалып кетті. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция бөлімшелерінің қызметкерлері күдіктіні анықтады, ол 38 жастағы Алматы қаласының тұрғыны болып шықты.
Күдіктінің айтуынша, ол жәбірленушінің көлігін сатқан. Қазіргі уақытта тергеу бөлімі аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.