Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында жаңа учаскелік полиция пункті ашылды

Ақмола облысының Бестөбе кентінде 6 мыңға жуық тұрғынға қызмет көрсететін жаңа учаскелік полиция пункті ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

"Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыру аясында Ақмола облысының Бестөбе кентінде жаңа учаскелік полиция пунктінің ашылу салтанаты өтті.

Іс-шараға Ақмола облысы полиция департаментінің бастығы Нұрсұлтан Мұқашев, Степногорск қаласының әкімі Ғайдар Қасенов, сондай-ақ Степногорск қалалық полиция басқармасының бастығы Думан Сабыржанов қатысты.

Жаңа учаскелік полиция пунктінің ашылуы полиция жұмысының сервистік моделін іске асыру жолындағы маңызды қадам. Енді Бестөбе кентінің тұрғындары құқық қорғау органдарының көмегін өздеріне қолжетімді түрде жақын маңнан ала алады. Нысан заманауи техникамен, бейнебақылау жүйесімен жабдықталған және азаматтарды қабылдауға қолайлы жағдай жасалған.

Жаңа учаскелік полиция пункті Бестөбе кентіне және Изобильное ауылына қызмет көрсетеді. Аталған елді мекендердегі жалпы халық саны 6 мыңнан астам.

Салтанатты ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Нұрсұлтан Мұқашев Бестөбе секілді стратегиялық маңызы бар елді мекендерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету ішкі істер органдары үшін басым бағыттардың бірі екенін атап өтті.

Ал Думан Сабыржанов жаңа пункт учаскелік инспекторлардың азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет етуіне мүмкіндік беріп, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету тиімділігін арттыратынын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру