Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында жоғалған ірі қара мал елорда шетінен табылды

Ақмола облысында жоғалған 12 бас ірі қара мал елорда шетінен табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ер адам аудандық полиция бөлімінің басшылығына өз алғысын жазып, хат жолдады. 8 мамырда Ынтымақ ауылының тұрғыны Хаумет Шалқар Целиноград аудандық полиция бөліміне 12 бас ірі қара малының жоғалғаны туралы айтып, көмек сұраған. Келтірілген шығын көлемін ауыл тұрғыны 1,2 млн теңгеге бағалады.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция бөлімшелерінің қызметкерлері жануарлардың жоғалған жерінен 60 шақырым қашықтықтан оларды тауып алған. Қараусыз қалған мал басқа аумаққа жүріп кеткені, ұрлық фактісі болмағаны анықталды. Жануарларды іздеу үшін полицейлер аулаларды аралап, темір жол мен орман алаптарын тексерді. Қазіргі уақытта табылған мал иесіне қайтарылды.

– Полицейлердің тәулік бойы қызмет ететіндеріне көзім жетті, біз бұл ұрлық деп ойладық, ал жедел уәкілдер түні бойы және келесі күні бірнеше сағат іздеумен айналысты. Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері Қуандық Аппасов, Дархан Баукаев, Нұрсұлтан Ысқақовқа, Целиноград АПБ КПБ бастығы Ерболат Кәріпбаевқа алғысымды білдіремін, – деп қорытындылады хат авторы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру