Ақмола облысында жол апаты болып, 6 жасар бала ауруханаға түсті
Ақмола облысында жол апаты болып, 6 жасар бала ауруханаға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
30 наурызда сағат 16:30-да Есіл ауданының полиция бөліміне Есіл аудандық ауруханасының фельдшерінен Мичурин көшесінде жол-көлік оқиғасы болғаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Алдын ала анықталғандай, 20 жастағы қала тұрғыны кері жүру маневрін жасап, 6 жасар баланы қағып кеткен.
Жол апаты салдарынан кәмелетке толмаған бала ауруханаға жеткізілді. Жүргізуші мас күйде болмаған. Автомобиль қазіргі уақытта айыппұл тұрағына қойылды. ҚР ҚК 345-бабы 2-бөлігі (Жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.