Ақмола облысында жыл басынан бері «102» арнайы желісіне 50 мыңнан астам қоңырау түсті
Жыл басынан бері Ақмола облысындағы «102» арнайы желісіне 50 мыңнан астам қоңырау түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияның кезекші бөлімі – ішкі істер органдарының басты және маңызды бөлімдерінің бірі. Полицияға телефон соғатындардың немесе өтініштермен келгендердің бәрі міндетті түрде кезекші бөлімге жүгінеді. Мұнда ведомстволық бағынысты аумақта жасалған барлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар туралы ақпарат келіп түседі. Кезекші бөлімдердің қызметкерлері қылмыскерлерді іздемейді, олардың артынан қуғын ұйымдастырмайды, бірақ бұл қаладағы қоғамдық тәртіп қана емес, кейде адам өмірі олардың салмақты әрекеттеріне, қабылданған шешімдердің жылдамдығы мен дұрыстығына байланысты.
Қалалық полицияның жедел басқару орталығы тәулік бойы жұмыс істейді. Онда қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы барлық ақпарат үнемі келіп тұрады. Жедел кезекші, күштер мен құралдарды басқару топтарының қызметкерлері, инспектор-нұсқаушылар «102» арнасының операторлары – полицейлер үш ауысымдық режимде қызмет атқарады. Адамдардың жолдардағы және аулалардағы қауіпсіздігі олардың кәсібилігіне тікелей байланысты.
– Бейнебақылау камералары құқық қорғау органдарының жұмысында үлкен техникалық көмек саналады. Бүгінде Көкшетауда 232 полиция камерасы жұмыс істейді. Камералардан алынған бейнелер полиция департаментінің серверлерінде 20 күн сақталады. Мәселен, Көкшетау қаласы ЖБО бейнебақылау инспекторларымен жыл басынан бері 19 204 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді, оның ішінде 3229-ы жол қозғалысы ережелерін бұзу болған. Қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашуға ықпал ететін 300-ге жуық факт анықталды. Айта кету керек, кезекші ешқашан жұмыс орнынан кетпейді, ол үнемі қоңырауларды қабылдайды. Бүгінгі таңда «102» жедел арналарына азаматтардан 56 813-тен астам хабарлама келіп түсті, – деп атап өтті полицияның жедел басқару орталығының бастығы Ілияс Шаймерденов.