Ақмола облысында кәсіптік колледжде оқитын сотталғандар емтиханға дайындалуда
Ақмола облысы бойынша ҚАЖД ЕЦ-166/25 мекемесінде жазасын өтеп жатқан Красный Яр ауылының агротехникалық колледжінде оқитын сотталғандар емтиханға дайындық шеңберіндегі ашық сабақ барысында өз шеберліктерін көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Колледжге жыл сайын 100-ден астам адам қабылданады. Мұнда сотталғандар автослесарь, газ-электрмен дәнекерлеуші, тас қалаушы, тігінші, аспаз сияқты кәсіптерді игереді.
Бүгінгі таңда сұранысқа ие мамандықтардың бірі – аспаздық. Соңғы бірнеше жыл ішінде жоғарыда аталған топқа жазылуға тілек білдірушілер артуда.
– Аспаз мамандығы – әлемдегі ең көне мамандықтардың бірі. Бұл мамандықтың болашағы зор, – дейді өндірістік оқыту шебері Диляра Меңдібаева.
Оның үлкен өндірістік жұмыс тәжірибесі бар, шебер онымен өз студенттерімен бөліседі. Студенттер сабаққа қатысуға ынталы, теориялық білімнен басқа, міндетті практика сағаттары да бар, онда олар тек тамақ дайындауды ғана емес, сонымен қатар аспаз үшін маңызды болып табылатын дизайнды да үйренеді.
Сонымен қатар, оқу жоспарында мәзірлерді, технологиялық карталарды құру, шикізаттың қажетті мөлшерін есептеу мүмкіндігі қарастырылған. Мұнда экономика, тамақтану физиологиясы, санитария мен гигиенаның негіздері, ас үй жабдықтарының дұрыс жұмыс істеуі, санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес өнімдерді дұрыс есепке алу мен сақтауды қамтамасыз ету мүмкіндігі ескерілген.
Оқуды бітіргеннен кейін сотталған студенттер әдеттегіден еш айырмашылығы жоқ мемлекеттік үлгідегі диплом алады.
– Мен бала кезімнен ас дайындауды ұнататынмын және аспаз болуды армандаған едім, бірақ өкінішке орай тағдырдың талқысымен бас бостандығынан айырылдым, дегенмен менің арманым – бостандыққа шыққаннан кейін өз сүйікті ісімді жалғастыру, – дейді Дәурен есімді сотталған.